Уханда көптен бері алғаш рет вирус жұқтырған науқас тіркелді

Қытайдың Ухан қаласында көптен бері алғаш рет коронавирус жұқтырған адам тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости Хубей провинциясының денсаулық сақтау мәселесі бойынша комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттегілердің мәліметінше, науқас ауыр жағдайда жатыр.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Хубей провинциясында 68 129 науқас тіркелген еді, олардың 50 334-і Уханнан анықталған болатын.  Оның 3 869-ы қайтыс болған.

Ал Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 036-ға жетті. Жазылып шыққандар - 1828, қайтыс болғандар - 31.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 мамыр 2020 г. 322 0