Тұрғындар табысының өсуі (7,7 пайызға дейін), бөлшек тауар айналымының 25 пайызға дерлік өсуі, екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындар салымының артуы (жан басына шаққанда 21 пайызға) қызылордалықтардың әл-ауқаты жақсарғанын көрсетеді.
Бастысы, теңгенің құнсыздануына байланысты орын алған процестерге қарамай, негізгі азық-түлік тауарлары түрлерінің бағасын республиканың көптеген өңірлеріндегі деңгейден төмен деңгейде сақталып тұр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.