Қызылорда облысында Ресейден келген студент корронавирус жұқтырған.
«Соңғы тәулікте жаңадан 1 дерек тіркелді. Науқас - Ресей елінен келіп, карантиндік стационарға оқшауланған студент. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, емін хаттамаға сәйкес алуда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.
Бүгінге дейін өңірде аталған диагноз қойылған 226 адам тіркелген. Оның арасынан 150 адам сауығып шықты.