9 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.
Оңтүстікте жаңбыр қатты жауатыны болжанады. Республиканың солтүстік және шығыс өңірі әлі де антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК
мәліметінше, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел күтіледі. Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай, 15-20 м/с екпінде жел болжанады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды, күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында найзағай күтіледі.