«Біз біргеміз» акциясына көптеген қазақстандықтар қосылып жатыр. Соның бірі «Nur Otan» партиясының белсендісі, қызылордалық кәсіпкері, «Ақ орда капитал» ЖШС-нің директоры Алмас Рахметов елміздегі төтенше жағдай кезінде «Bizbirgemiz» акциясы аясында Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай елді мекендеріндегі әлеуметтік әлсіз топтағы 300 отбасыға 14 тоннаға жуық азық-түліктей көмекті жөнелтті.
«Nur Otan» партиясы Байқоңыр филиалы ерікті жасотандықтарды тарта отырып әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызбасты қарттар мен асыраушысынан айырылған аналарға үлестіруде.
Айта кетейік, карантин басталғалы жергілікті кәсіпкерлер мен депутаттар мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді. «Bizbirgemiz» акциясы аясында Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай елді мекендеріне 450-ге жуық отбасы қамтылды. Алдағы уақытта осы тұрғыдағы жұмыстар жалғасын табатын болады.