30 тамыз – Конституция күніне орай Қызылорда қаласында мереке аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру Тәуелсіздік құндылықтарын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп отырған құқықтық мемлекеттің негіздерінің мызғымастығын, қоғамдық сана-сезімді нығайтуға бағытталмақ.
Ең алдымен мерекені өткізу кезеңінде халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, коммуналдық қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады.
Осы жерде, қызылордалықтарға коммуналдық қызметтерге қатысты қандай да бір өтініш-тілектері, арыз-шағымдары болса 109 диспечерлік қызметінің 24 сағат бойы жұмыс жасайтындығын жеткізгіміз келеді.
Мереке қарсаңында кешкі уақытта түрлі бағыттағы қоғамдық көліктердің үзіліссіз жүруін қамтамасыз ету бағытында да тиісті шаралар қабылдануда.
30 тамыз күні негізі қоғамдық көліктер кешкі сағат 10-ға дейін жүреді, қосымша халық қызметін көп пайдаланатын 10 бағытқа арналған қоғамдық көліктер:
5, 6, 11, 12, 14, 17, 18, 19, 22, 24 маршруттар бұл күні түнгі сағат 11-ге дейін жүретін болады.