« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін 9 мамыр күні Жеңіс мерекесімен қалай құттықтау жоспарланып отыр? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жергілікті атқарушы органдар карантин шараларын барынша қатаң сақтап, жұмыс жүргізеді. 9 мамыр мерекесінің маңызы зор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлерінің бәріне мерекелік медальдар мен құттықтау сыйы тапсырылады. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік кәрзеңкесі де сыйға беріледі», - деді Ерлан Әукенов тілшілердің сұрағына берген жауабында.
Айта кетсек бұған дейін Ерлан Әукенов Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 1 025 ардагері барын мәлім еткен еді.
Ал Мемлекет басшысы ресейлік «Мир» арнасына берген сұхбатында биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілетінін хабарлаған болатын.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |