« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков аудан аумағындағы орналасқан су тоспалары мен көлдерді және су арналары қазылған каналдарды аралап көрді.
Жосалы кентінен 65 км қашықтықта орналасқан «Генерал», «Тоғызқұдық-Әлтай» және «Қашқансу» көлдерінде болып, қазіргі жағдайымен танысты. Сапар барысында су шаруашылығы мамандары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан «Қожантай» су тоспасының жай-күйімен танысты. - Өзен суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалануда көлдер мен каналдардың маңыздылығы жоғары. Осы орайда табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты біздің ауданымыз үшін де су мәселесі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. Өзен ағынын реттеуде Сырдария бойындағы су тоспалардың жағдайы мен каналдардың уақытылы тазартылып, шаруашылықтарға су берілуі басты назарда болады, – деді аудан әкімі.
Айта кету керек, аудандағы егін шаруашылығына қажетті аяқ-сулар негізі Қурайлы, Наурызбай, Балажарма, Оңжағалау каналдары арқылы жеткізіледі.
Суармалы егістіктегі су мәселелерін шешу мақсатында биылғы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қурайлы арнасының 37,7 км аумағы тазартылған болатын. Бұл өз кезегінде шаруашылықтардағы аяқ су мәселесінің шешілуіне мол мүмкіндік береді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |