Қазалы ауданында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет шығындарын (ауыз су, электр жарығы, газ, жылу) өтеуге қатысты сaII орталығы жұмысын бастады.
Енді тұрғындар осы мәселеге қатысты өздерін толғандырған сұрақтарды 8 (72438) 79-1-35 номеріне хабарласып біле алады.
Осы жерде бір ескерте кететін жайт, аудан тұрғындары төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет ақысы есебінде берілетін 15 мың теңгені алу үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Тек қана call орталыққа хабарласып, өтініш берсе болғаны.
Тұтынушы өз өтінішінде жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін, есепшот дерегін көрсетуі тиіс.
Аталған әлеуметтік көмек төменде көрсетілген санаттағы тұрғындарға тиесілі:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар;
4) Көпбалалы отбасылар;
5) Ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін және әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін орындау кезінде кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.