Қызылорда: Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 217-ге жетті

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 217-ге жетті. Соңғы тәуліктe 3 жаңа жағдай тіркеліп отыр. Олардың барлығы да Қызылорда қаласынан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жаңадан анықталғандардың 2-уі скринингтен анықталса, 1-еуі коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған Теңіз Шевройл компаниясының қызметкері. Соңғы тәулікте барлығы 471 зертханалық сынама алынса, оның 453 сынамасы теріс мәнді болды. 3 сынама оң мәнді болса, 15 сынама зерттелу үстінде. Қалдық тест - 5297», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2020 г. 497 0