Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 4160 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 5 мамыр, Астана уақытымен сағат 12.15-тегі жағдай бойынша елімізде к оронавирус індетін жұқтырған тағы 39 жағдай тіркелді: Алматы қаласында - 18, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Қостанай облысында - 3, Атырау облысында - 4, Павлодар облысында - 2, Қарағанды облысында - 2, Алматы облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Ақтөбе облысында - 3. Қазақстан бойынша індет барлығы 4160 адамнан анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы – 728 Алматы қаласы – 1353 Шымкент қаласы – 215 Ақмола облысы – 101 Ақтөбе облысы – 163 Алматы облысы – 157 Атырау облысы – 206 Шығыс Қазақстан облысы – 30 Жамбыл облысы – 158 Батыс Қазақстан облысы – 198 Қарағанды облысы – 161 Қостанай облысы – 53 Қызылорда облысы – 216 Маңғыстау облысы – 85 Павлодар облысы – 152 Солтүстік Қазақстан облысы – 30 Түркістан облысы – 154