Конституция күнінде Қызылорда қаласындағы сауда нысандары тұрғындарға мерекелік жеңілдіктер ұсынады.
Қала әкімдігінің ұсынысына сәйкес 30 тамыз күні «Мирас», «Анвар», «Магнат», «Рамазан», «Жайна», «Айтбек», «Асбол», «Ағжан» сауда үйлері мен орталықтары бау-бақша, көкөніс өнімдеріне, киім-кешектер мен тұрмыстық тауарларға 10-15 пайыздық мерекелік жеңілдіктер жасайтын болады.
Тоқтыбаев көшесінің бойында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Өнімдер 15 пайыздық жеңілдікпен сатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.