Қызылордада қоғамдық көлік жүргізушілері Әнұран айтады

Қызылордада қоғамдық көлік жүргізушілері Әнұран айтадыҚызылорда қаласында Конституция күніне байланысты, жалпыхалықтық шаралар жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

29 тамыз күні қаладағы 124 балабақша мен шағын орталықта 12 мыңнан астам бүлдіршін бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды шырқайды. Ал 30 тамыз күні қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыс күнін Мемлекеттік Әнұранмен бастамақ.

Мұнан өзге, мереке күні қаладағы барлық мектептер мен балабақшаларда радиоконцерт берілетін болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2014 г. 870 0