Жаңақорғанда полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамды аман алып қалды

 Жанақорған аудандық полиция бөлiмiне ауыл тұрғыны келiп, 2020 жылдың  27 сәуір күні  полиция қызметкерлері темір жолға шығып, өз-өзіне  қол жұмсамақ болған Жаңақорған кентінің тұрғынын құтқарып қалғандарын көргенiн айтып келедi. Куәгердiң айтуынша, полицейлердiң жедел әрекетiнiң арқасында азамат өлiмнен құтқарылады. 
Сонымен қатар ол өзi жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Жандарбеков Мейіржанға, учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры  Абдуллаев Алмасқа және учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция, аға лейтенанты Ержан Айтжановка алғысын бiлдiрдi. Қaзiргi  таңда оқиғаның себебі анықталуда.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2020 г. 441 0