Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысқан жиында Жеңіс күніне арналған іс-шара мен эпидемиологиялық жағдай талқыланды, - деп хабарлайды
ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі күні індеттің таралуын бірқалыпты ұстап тұрмыз. Инфекциялық ауруларға қатысты айтар болсақ, біз маған екі ай бұрын баяндалған болжам бойынша келе жатырмыз», - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Александр Лукашенко Жеңіс күніне арналған іс-шара бұрын ұсынылғанын атап өтті. «Біз қазір жоспар бойынша келе жатырмыз. Оған қоса, іс-шараны біздің шекарамызда өтіп жатқан НАТО оқумен байланыстырып кең ауқымда қарастырып жатырмыз. Менің ойымша біз Солтүстік Атлант блогы біздің шекараларымызда жоспарлаған іс-шараларға ден қоюда. Бірлесіп белгілеген жоспардан миллиметрге де шегінбедік. Рас, «НАТО бұрынғыдай ауқымды іс-шара өткізуді жоспарламады» деп мәлімделгеннен кейін түзету енгізілді. Сәйкесінше, біз оны дұрыс қабылдадық», - деп мәлімдеді Александр Лукашенко. Жалпы Президент эпидемиологтар мен вирусологтардың пікірінше, парад қауіпті емес екенін атап өтті. «Өйткені ол лайықты түрде ұйымдастырылады. Бұл туралы біз кейінірек айтамыз. Мүмкін сол парад трибунасынан хабарлармыз», - деді ол. Оның айтуынша, кейбір әскери бөлімшелер ғана қазір полигондарда, жаттығуын жалғастырып жатыр. «Бірақ негізгі әскерилер тұрақты дислокация орнына – казармаларға қайтарылды», - деп атап өтті Александр Лукашенко.