03.05.2020ж. сағат 10:20 уақыты бойынша өңірімізде "Covid-19" вирусын жұқтырғандар қатары 214-ке жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Соңғы тәулікте 5 жағдай анықталған болатын.
Олардың 4-уі Қызылорда қаласынан, 1-уі Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 214 дерегі тіркеліп отыр.
(Қызылорда қаласында – 77 жағдай, Жаңақорған ауданы – 31, Арал ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 66, Қазалы ауданы - 3).
Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.