Еліміздің бірнеше облысында күшті жел, қар аралас жаңбыр, үсік жүруіне қатысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Қазгидромет.
3 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде үсік жүреді, температура 2°С болады. 3 мамырда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде таулы аудандарда қатты нөсер жауады. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні түнде, таңертең Шымкент қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
3 мамырда түнде және таңертең Түркістан қаласында найзағай, дауыл күтідеді. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 3 мамырда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Сол күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. 3 мамырда Көкшетауда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с жетуі мүмкін. 3 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетелі.
Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді. 4 мамырда Ақтөбе облысының ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін суытады. 4-5 мамырда Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін суытады. 4 мамырда түнде
Павлодар облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз плюс 7-12 градусқа төмендейді. 5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін суытады. 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді. 4 мамырда түнде Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. 4-5 мамырда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.