Қармақшыда әлеуметтік дүкен жұмысын бастады

Жосалы кентінің орталғында әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкен ашылған сәттен-ақ келушілер толастамады. Арзан бағадағы сапалы өнімдер халықтың көңілінен шықты.

Бүгінгі күні қант, картоп, шемішкі май, қарақұмық жармасы, макарон өнімдері, сәбіз, қырыққабат, ақ күріш, ұн базар бағамынан төмен бағада сатылуда.

Халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері базар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда.

Тұрғындарға сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп, дер кезінде жеткізілуіне қолдау көрсеткен «Алтын қамба» агроөнеркәсіп комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудандық ауыл шараушылығы бөлімі болып табылады.

Алдағы уақытта да тұрғындарды төмен бағадағы азық – түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында бірқатар шаралар жүргізілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2020 г. 680 0