Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Соған орай Қазақстан Коммунистік партиясы 1945.kz сайтын іске қосты.
Биыл Жеңіс күніне арналған шеру өтпейтіндіктен, жоба жетекшілері оны онлайн жасауды шешкен. Сайтта Ұлы Отан соғысында соғысқан майдангерлер мен тылда еңбек еткендердің өмір жолы, естеліктер жарияланады. Соғыс ардагері туралы мәліметті оның туған-туыстары ardager@1945.kz электрон мекен-жайына жібере алады. Бұдан бөлек әлеуметтік желіде #AtamnynAmanaty75 челленджі жүріп жатыр. Мұнда қазақстандықтар ардагерлердің өмір жолын баяндап, арнау оқиды. 27 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнінде соғыс ардагерлерінің бір де бірі елеусіз қалмайды деп мәлімдеген еді. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді.