Қызылорда облысында Атыраудан вахталық жұмыстан келген тағы бір адамнан коронавирус инфекциясы табылды.
Қазір Қызылорда облысында аталған диагноз қойылған 209 адам бар . Оның ішінде 127 науқас сырқатынан айығып кетті .
«Айта кетерлігі, соңғы тәулікте жаңадан 5 жағдай нақтыланды. Оның екеуі - індет жұқтырғандармен байланыста болса, біреуі - Атырау облысынан вахталық әдіспен жұмыс істеп келген азамат. Ал, қалған екеуі скринингтік тексеру барысында белгілі болды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, хаттамаға сай ем алып жатыр», – дейді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 3069 азамат анықталды. Оның ішінде 1659-ы - жақын қарым-қатынаста, 1410-ы - жанама байланыста болған.
Айта кетерлігі, бұдан бұрын да Қызылордада Атыраудан вахталық жұмыстан келген 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Әділжан Үмбет