Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың экс-депутаты және спикері Дариға Назарбаеваға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Дариға Назарбаеваның Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтаған болатын.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2020 г. 393 0