Президент Мақтааралдағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
- Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін Премьер-Министр А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым, - деп жазды Президент Twitter парақшасында.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2020 г. 419 0