« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық шарасын өткізуді қолға алды.
Рамазан айына қадам басарда қала бойынша 200 отбасыға азық-түлік өнімдері салынған «рамазан қоржындарын» тарту еткен Сыр имамдары қасиетті айдың екінші жұмасында да 600 отбасыға азық-түлік, 50 отбасыға 432 кг ет үлестіріп, облыс бойынша 650 отбасыны қуанышқа бөледі. Берекелі ай басталғалы аймағымыз бойынша жалпы алғанда 850 отбасыны қамтыған акцияның демеушілері – жергілікті кәсіпкерлер мен сауаптан үміткер ерікті жамағаттар.
Айта кетейік, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын. Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы жүзеге асыралатын болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |