АҚШ барлау қызметі: Вирус адам қолынан жасалмады

АҚШ COVID-19 коронавирусының адам қолынан жасалмағанын мойындады. Бұл туралы АҚШ ұлттық барлау қызметінің директорлар кеңсесі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарлама 30 сәуірде жарияланды. 

"АҚШ барлау қоғамдастығы ғылыми қауымдастықтың COVID-19 коронавирусы жасанды түрде жасалынбаған және генетикалық түрлендірілмеген деген пікірімен келіседі", - деген хабарламада.

Сондай-ақ, Америка Құрама Штаттары аурудың вирус жұқтырған жануарлармен байланыстан басталғанын немесе оның Ухан зертханасындағы апат салдарынан болғанын анықтау үшін тергеуді жалғастырмақ.

Бұған дейін ДДҰ коронавирустың табиғи шығу тегіне күмән келтірмейтінін мәлімдеген болатын. Сонымен бірге ұйым Қытайдың оған COVID-19 себептерін зерттеуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2020 г. 441 0