Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Премьер-Министрі коронавирус жұқтырған Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тіледі, - деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күресте бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізуде. Мен бірлескен қимылдарымыздың арқасында қиындықты еңсереміз деген ойдамын», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.