Тосқауыл бекеттеріне ыстық тамақ таратты

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін аймақта төтенше және карантиндік шаралармен аталып өтілгені белгілі. Іс-шаралар әлеуметтік желілер мен блог-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн режимінде болды.

Мерекеге орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді мүшелері, өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашев басқарған белсенділер көпке үлгі болар іс көрсетті. Қалаға кіреберіс жерлерде орналасқан өткізу бекеттерінде болған олар полиция, әскери және медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, өзбектің ұлттық тағамдарын ұсынды. Осылайша блок-постардағы жұмыс істейтін 150-ге жуық адам ыстық тамақпен қамтылды.

– Өзбек этно-мәдени бірлестігі атынан өзіміздің ұлттық тағамдарды әкелдік. Осындай қиындықта ел бірлігі, халық достығы көрінуі тиіс. Біздің сәл де болса шағын ықыласымызды осындағы тұрғындар денсаулығына алаңдап жүрген қыз-жігіттер ризашылықпен қабыл алды. Облыстық ассамблея жанынан еріктілер де көмектесіп, бес блок-бекеттерге де осындай өзбек ұлтының тағамдары жеткізілді, – дейді Мансура Абдугапарова.



Е.БЕКМЫРЗАҰЛЫ,

«Сыр бойы».

Суреттерді түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2020 г. 349 0