Елімізде карантин режимінде алғашқы әуе рейсі ұшты

Қазақстанда ішкі рейстер біртіндеп ұша бастады. Алғашқы рейс бүгін, яғни 1 мамырда Алматыдан елордаға ұшып келіп, кері қайтты. Бұл туралы ҚазАқпарат BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әуежай ішіне тек медициналық маскамен кіруге болады. Сондай-ақ, ұшақ ішінде де маска тағып отыру керек.
Жолаушылар үшін қойылатын басты талап - COVID-19-бен ауырмайтындығың туралы анықтама. Бұл анықтамасыз ұшу мүмкін емес.
Тіркеуден өткен, ұшаққа отырған және түскен кезде жолаушылар бір метр арақашықтық сақтап тұруы керек. Бұл туралы әуежай, әуе компанияның қызметкерлері арқылы, кестелер, терминал ішіндегі жазулар арқылы да ескертілген.
Дәліздегі орындықтар адамдар бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта отыратындай етіліп қоршалған.
Жалпы алғанда бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында бірнеше рейс болады деп жоспарлануда. Кешке қарай елордадан Атырауға әуе рейсі ұшады деп күтілуде.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2020 г. 436 0