1 мамыр күнгі сағат 11:45-дегі мәлімет бойынша өңірде "Covid-19" вирусын жұқтырғандар қатары 204-ке жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Соңғы тіркелген 3 жағдайдың 1-уі - Қызылорда қаласынан, 2-уі - Арал ауданынан. Осылайша бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 204 дерегі тіркелді:
- Қызылорда қаласы – 68,
- Жаңақорған ауданы – 30,
- Арал ауданы – 6,
- Сырдария ауданы – 26,
- Қармақшы ауданы – 5,
- Шиелі ауданы – 66,
- Қазалы ауданы - 3.
Оның 118-і емделіп шықты, 86-сы ем қабылдап жатыр.