Қызылордада карантин кезінде ауызашар берген тұрғын жауапкершілікке тартылды

  Қызылордада карантин кезінде ауызашар берген тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 сәуірде қызылордалық үйінде ауызашар берген. Оған қаланың әр түкпірінде тұратын таныстарын шақырған. Артынан олар моншаға түскен. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) бес азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 201 адам тіркелді. Оның ішінде 118 адам емделіп шықты.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2020 г. 407 0