«BIRGEMIZ: BILIM» жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлер байқауы өткізілмек. Шараны ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы қолдап отыр. «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыратын шарада волонтерлерге зор жауапкершілік артылмақ.
– «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының маңызы зор. Ауылдық жерлердегі оқушы жастардың болашағын қалыптастыруда жаңа дағдылары бар. Мол мүмкіндік сыйлайды. Мұнда біз волонтерлерді тартпақпыз. Оларға қойылар талап та жоғары, – дейді ұйымдастырушы Ардақ Аукенов.
Байқауда 100 волонтер іріктеліп алынады деп күтілуде. Бұл жерде қатысушының өз саласында жоғары жетістіктерге жетуі маңызды рөл атқарады.
Қуанбай МАЛҚАР.