«Birgemiz: Bilim»: жоба қанат қақты

Ауылдағы орта мектептер үшін жаңа жоба басталды. 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоғары сынып оқушыларына қосымша білім беру ұйымдастырылады. Жобаны ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының қолдап отыр. Бастаманы облыста «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.
– Жалпыұлттық «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының аясында облыстағы ауылдық орта білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларына, яғни 8-11 сыныпқа арналған ҰБТ-ге, олимпиадаларға және ғылыми-интеллектуалды байқауларға қатысу, компьтерлік және құқықтық сауаттылық, ағылшын тілін үйрету бойынша қосымша дайындық сабақтары ұйымдастырылады. Оған облыстың барлық ауылдық орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатыса алады. Сонымен қатар, волонтерлар, қоғамдық ұйымдарының белсенділері, білікті мамандар, кәсіби мұғалімдер және студенттер де жобаға үлестерін қоса алады, – дейді ұйымдастырушы Ардақ Аукенов.
Бастамада ҰБТ-ге арналған дайындық сабақтары, олимпиадаларға және ғылыми-интеллектуалды байқауларға қатысуға арналған қосымша сабақтар, компьтерлік сауаттылық бойынша қосымша сабақтар, құқықтық сауаттылық бойынша қосымша сабақтар, ағылшын тілін үйрету бойынша дайындық сабақтар қамтылған.

Нұрсұлтан НҰРТӨРЕ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2020 г. 140 0