Нью-Йорк көшелерінің бірінде жүк көлігінен 60 адамның мәйіті табылды

Нью-Йорк полицейлері Бруклин ауданындағы көшелердің бірінде, жерлеу бюросының жанында тұрған төрт жүк көлігінен 60-қа жуық адамның мүрдесін тапты,- деп хабарлайды Қазақпарат СNN-ге сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, жүк көлігінің біреуінде салқындату жүйесі болмаған. Полицияға жергілікті тұрғындар шағымданған. Телеарнаның хабарлауынша, жерлеу бюросында денелерді кремация алдында сақтау үшін орын жетіспеген. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, жерлеу бюроларының иелері санитарлық шараларды сақтауы керек екенін айтты. Қала билігі салқындату жүйесі бар арнайы көлік бөлген. Мәйіттер сол көлікке ауыстырылады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2020 г. 438 0