Қызылорда облыстық полиция департаментінің 3 қызметкерін Ішкі істер министрі «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медальдарімен марапаттады, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Олар – Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері, полиция капитаны Әлімжан Әлімбетов, полиция капитаны Бейбарыс Қалымбетов, басқарманың жедел басқару орталығының инспекторы, полиция лейтенанты Нұрлан Қарлыбаев.
Тәртіп сақшылары жұмыс барысында облыс орталығындағы үйлерден шыққан өрттің бетін қайтарып, тұрғындарды құтқарып қалды. Олардың арасында балалар да бар. Жедел шешім қабылдаудың арқасында оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Мемлекет басшысы олардың төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Карантиндік іс-шараларға қатысқан қызметкерлер мен әскери қызметшілерге лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы берілді.