«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы ауысты

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының кезектен тыс ХIV есеп беру сайлау конференциясы өтті. Онда Әлішер Қардашов филиал төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін осы қызметті атқарып келген Талғат Тілес «Jas Otan» жастар қанаты орталық хатшылығына жаңа қызметке ауысты.

Әлішер Қардашов 1996 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әр жылдары жастар саясаты саласында түрлі жауапты қызмет атқарды.

2013-2016 жылдары - «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы;
2016 жылы - «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
2016-2019 жылдары - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының заңгері, «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы, орталық аппарат басшысы;
2017 жылдан бері «Сана Групп» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.

Облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегері, Президент сайлауына белсене қатысқаны үшін Президенттің алғыс хаты және Парламент Сенатының, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ кеңесі төрағасы Д.Назарбаеваның алғыс хаттарымен марапатталған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2020 г. 432 0