COVID-19: Соңғы тәулікте 11 дерек тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 198-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық  алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов  мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте жаңадан 11 жағдай анықталды. Науқастардың барлығы - Қызылорда қаласынан. Жаңадан тіркелген науқастар коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болып, карантиндік бақылауға алынғандар.  Тіркелген науқастардың алтауы- медицина саласының қызметкері. Оның ішінде, дәрігер-1, мейірбеке-1, бағдарламашы-1, лаборант-1, әлеуметтік қызметкер-1, жүргізуші-1. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін хаттамаға сәйкес алуда», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болған– 2941 азамат анықталды. Оның ішінде, 1560-ы жақын қарым-қатынаста, 1381-і жанама байланыста болған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2020 г. 521 0