Запастағы офицерлер биыл екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады

ҚР Үкіметінің Қаулысымен запастағы офицерлер 2020 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. ҚазАқпарат қаулының толық мәтінін жариялайды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі №238 Қаулысы Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2020 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Асқар Мамин


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2020 г. 442 0