Конференция материалдары ғылыми журналда жарық көрді

 «Болашақ» ғылыми-зерттеу институты қашықтықтан «Қазіргі ғылым және инновациялар» атты VІ ғылыми конференция өткізді. Шара Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күні мен Ғылым аптасы аясында «Болашақ» университетінің 25 жылдығына арналды.

Конференция университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Қ.Дәуренбековтің құттықтау сөзімен ашылды. Жақында ғылыми конференцияның материалдары «Молодой ученый» журналының кезекті шығарылымы ретінде Қазан қаласында басылып шықты.

Жарияланған ғылыми-зерттеулердің басым бөлігі «Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының кафедралар жанынан құрған орталықтарының жобаларынан тұрады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2020 г. 1 508 0