59 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, танымал журналист Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп дүниеге келді.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. 1990-1996 жылдары - «Егемен Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары. 1996-2002 жылдары - «Жас алаш» газетінің бас редакторы. 2002-2005 жылдары - «Ақ Жол Қазақстан» газетінің бас редакторы. 2005-2006 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры. 2006-2008 жылдары - «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008-2019 жылдары – республикалық саяси-қоғамдық «Айқын» газетінің бас редакторы.
2019 жылдан бастап – қазіргі қызметінде.
Оның «Біз кімнен кембіз», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес» атты публицистикалық жинақтары жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.