Облыс бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы тағайындалды

 Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы тағайындалды.

Шаймерден Тәжіқұлұлы еңбек жолын Шымкент қаласының ішкі істер басқармасында бастаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінде бөлім бастығы, орынбасары, Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 


Сб-ақпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2020 г. 437 0