Төменарықта тұрғындар үйі өртенген жерлестеріне баспана алып берді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық елді мекенінің тұрғындары үйі өртеніп кеткен жерлестеріне жаңадан баспана сатып алып берді.
Екі күндей бұрын Төменарық елді мекенінде тұрғын үй толықтай жанып кеткен болатын. Өрттің шығуына электр жүйесінің тұйықталуы әсер еткен. Аудандық өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтағанымен, тұрғын үй жарамсыз күйге түскен болатын. Жалынған оранған үйде барлық мүлік пен құжаттар жанып кеткен.
Сол үйдің тұрғыны Мырзабек Жиенбаевтың сыныптас достары және ауылдастары екі күннің ішінде алыс-жақындағы ағайыннан 4 млн. теңгеден аса қаржы жинап үлгерді. Жиналған қаржыға елді мекеннен басқа жаңа үй сатып алынды. Қаржының қалғаны отбасының өзге қажеттілігіне жаратылатын болды. Бұл игілікті іске ауыл әкімі Нұркен Қошқарбеков, аудандық мәслихат депутаты Нарымбет Көлжанов және өзге де белсенді азаматтар ұйытқы болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2020 г. 429 0