Балконда кәуап пісірген ер адам ұсталды

Павлодарда көпқабатты үйдің балконында кәуап пісірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәуап пісіріп отырған ер адамның видеосы Instagram желісінде жарияланды. 

"Павлодар тұрғыны төтенше жағдай режимін бұзып, балконда отырыс ұйымдастырып, кәуап пісіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялаған. Учаскелік инспекторлар ер адамны анықтап, ұстады", - деді полиция департаментіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2020 г. 421 0