Індетпен күреске кәсіподақтар да үлес қосуда

Әлем жұртшылығы жыл сайын Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін 28 сәуір күні атап өтеді. 2020 жылы оның тақырыбы «Пандемияны тоқтату: жұмыстағы қауіпсіздік пен денсаулық адам өмірін сақтап қалады» деп жарияланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.

«Елдің денсаулығы мен бірлігі жолында індетпен күресте кәсіподақтар да өз үлестерін қосуда. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 11 салалық кәсіподақта 1025 бастауыш ұйымдарын, 98718 кәсіподақ мүшелерін біріктірді. Қазіргі таңда облыстық кәсіподақтардың қызу желісіне жүгінген жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге еңбек жағдайлары бойынша құқықтық көмек көрсетілуде. Үстіміздегі жылдың 27 сәуіріне дейін желіге 296 хабарлама түсіп, тиісті сұрақтарға мамандар сала бойынша жауап берді. Негізгі сұрақтар жұмыстың тұрып қалу жағдайы, еңбек ақысыз демалысқа шығу және ақылы демалыстың ұйымдастырылуы, басқа да еңбек заңнамалары бойынша төтенше жағдай кезінде еңбек қатынастарының реттелуі туралы сұрақтар. Және де кәсіподақтармен тиісті құқықтық түсіндірмелер жасауда»,-деді Серік Сағитжанұлы.

Қазіргі уақытта еңбек ұжымдарындағы ахуалға күнделікті мониторинг жасалып, жұмысшылардың ақылы, ақысыз демалысқа шығуы, қашықтықтан жұмыс жасауы, еңбекке жарамсыздық туралы бақылауға алынған мәселелерге байланысты тиісті шаралар қабылдануда.

Өз сөзінде Серік Сағитжанұлы: Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай біз әлеуметтік әріптестерді «КОВИД-19-ды тоқтатайық! Жұмысшыларды қорғаңыз!» ұранымен акция өткізуге шақырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2020 г. 406 0