Соңғы тәулікте 3 науқас тіркелді

Қызылорда облысында СОVID-19 вирусымен соңғы тәулікке 3 науқас тіркелді. Оның 2-уі- Қызылордадан, 1-уі- Қазалы ауданынан анықталды. Барлығы да бұрыннан бақылауда болған азаматтар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Жалпы облыс бойынша 182 науқас тіркелді. Оның ішінде, 110-ы сауығып шықты. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған -2830 азамат анықталды.Оның 1495 -сі жақын қарым-қатынаста, 1335-і жанама байланыста болған»,-деді бас дәрігер.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 72 науқас ем қабылдап жатса, 54-і провизорлық стационарға, 452-сі карантиндік бақылауға жатқызылған. Барлығы 578 азамат медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2020 г. 326 0