Енді аулада қыдыруға, саяжайға баруға болады

Өңірлік әкімдерге аула алаңдары мен саяжай алқаптарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне биылғы 27 сәуірден бастап өңірлік штабтар әзірлеген ережелерге сәйкес аула алаңдары мен саяжай алқаптарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. 
«Әкімдерге қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайлар мен балалардың ауладағы ойын алаңдарын сапалы түрде санитарлық өңдеуге, жалпы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, оған бақылау орнатуға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын », — деді А. Мамин. 
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қазақстандықтарды шет елдерден елге жеткізу, ХҚКО-лар жұмысының жаңа форматын енгізу және т. б. мәселелерді қарастырды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2020 г. 570 0