« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада 20 122 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 6 айға салықтық төлемдерден босатылды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.
Президенттің экономиканы тұрақтандыруға қатысты берген тапсырмасына сәйкес 20 сәуірде Үкіметтің қаулысы шықты. Аталмыш қаулы аясында кәсіпкерлік субъектілері бірқатар салық түрлерінен босатылып, мемлекеттік қолдауға ие болды.
Атап айтқанда, микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 29 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (қазақ тілінде ЭҚЖЖ, орыс тілінде ОКЭД) бойынша 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі мерзімге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері 10 ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі мерзімге төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан, жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығынан, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардан босатылды.
Сонымен қатар, 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.
Осы ретте, облысымыздың микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімдері 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылды.
Сонымен қатар, облыстық кірістер департаментінің ақпараты бойынша аймақта бүгінгі күнде 20 122 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны аралығында бірқатар салық төлемдерінен босатылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |