« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты Ақжарма ауылдық округінің "Мағжан және К" ЖШС егіс алқабында алғашқы дән сеуіп, диқандарға сәттілік тілеп, күріш егу науқанын бастады.
«Абзал және К» ТС директоры Мағжан Ералиев көктемгі егін науқанының жұмыстары талапқа сай жүргізіліп жатқанын, жылдық өнім көлемі гектарына 60-65 центнерден екенін жеткізді. Яғни жалпы ауданы – 748 га, оның ішінде 120 га бидай, 158 га ескі жоңышқа егілді, ендігі жоспар – 470 га жерге күріш тұқымын себу.
- Биылдан бастап күріш дақылы егісін тұрақтандырып, басқа да дақылдар көлемін ұлғайтуымыз қажет, - деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, бірқатар мәселені қазірден бастап шешу керектігін сала мамандарына ескертті. Атап айтқанда, жұмыс агротехникалық талаптарға сай жүргізілуі, Үкімет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта Сырдария өзеніндегі жағдай тұрақты. Дегенмен, су қоймаларындағы су көлемін ұдайы бақылауда ұстау керек.
Алғашқы күріш егу науқанында еңбек ардагері Серік Сейітназаров шаруаларға бата берді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |