99 жастағы ардагер дәрігерлерге 35 миллион доллар жинады

99 жастағы британдық  ардагер Том Мурға  30 сәуір күнгі мерейтойы қарсаңында 100 мың құттықтау хаттары келіп түскен. Құттықтаулар жайында хабарлаған ардагердің үлкен қызы әкесіне гүл, шоколад түріндегі сыйлықтардың көптеп келгендігін айтады. Ал ардагердің өзі құттықтауларға ризашылығын білдіруде.

ІІ Дүниежүзілік соғыс  жылдарында Үндістан және Бирмада соғысқан Том Мурдың есімі пандемия кезінде британдық дәрігерлерге қолдау қорын жинаумен танылған болатын. Өз кампаниясына қоғамның назарын аудару үшін ардагер 25 метр ауласын 100 рет айналып шығауға уәде еткен-ді.  Оның бұл бастамасы шынымен де қоғамның назарын аударды.

Соңғы мәліметтер бойынша қорға 1,3 млн адамнан 29 млн фунт стерлинг жиналған  (35 млн АҚШ доллары шамасында). Бұл бастамаға  танымал тұлғалар да қолдау білдіріп,  ардагерді  «Британияның мақтанышы» деген сыйлығына ұсынды.  Том Мур сондай-ақ Майклом Боллмен  You’ll Never Walk Alone әнін жазып, Ұлттық денсаулық қызметі үшін қайырымдылық жасады.  Олардың әніне Ұлыбританияның iTunes чарты қолдау білдірді.


Егемен.кз
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2020 г. 303 0