«Біргеміз!» сөзін іспен дәлелдейтін кез

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті үндеуін жолдады. Төтенше жағдай режимінің 11 мамырға дейін созылатынын айтып, барша қазақ елін сабырға шақырып, ақ тілеулі сөзін арнады.

Мемлекет басшысы қазір елімізде қатерлі індетпен күресте қажетті шаралар қабылданып отырғанын және ол алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар  азаматтардың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтты. Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ерекше ризашылығын білдірді.

Бұл ретте Сыр волонтерлерінің қиын кезеңде халықпен әрдайым бірге екенін жеткіземін. Алаңдауға еш негіз жоқ, тек бірлікті сақтап, қауіпсіздік ережелерін тиянақты орындауымыз керек. Сонда ғана бұл сынақтан аман-есен өтетінімізге сенімдіміз.

Бауыржан Мастеков

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2020 г. 335 0