Сәуірдің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары 28-30 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы күндері Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады. Белсенді фронттардың әсерінен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

Кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Екпінді жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жаңбырға байланысты ыстық бәсеңдейді.

Циклонның артынан Қара теңіз аудандарынан антициклон ығысады. Салдарынан жауын-шашын бірте-бірте тоқтайды, сосын ауа температурасы аздап төмендейді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2020 г. 323 0