Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал - Президент мәлімдемесі
Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Бүгінгі мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайтынын атап өтті.
"Коронавирус бүкіл әлемді жайлап келеді. Вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш өсіп бара жатыр. Пандемияныңекінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал", - делінген мәлімдемеде.